
Образование
25.05.2024
«Білімім – Отаныма!»
#Біртұтас_тәрбие
#Birtutas_tarbie
#БілімімОтаныма
2024 жылдың 24 мамырында «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ 1 -10 сыныптарында «Білімім-Отаныма!» тақырыбына бірыңғай сынып сағаттары өткізілді . Оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады, ҚР Білім министрі Гани Бектаевич Бейсембаевтың 2023-2024 оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтауын тамашалады, «СЕНІҢ ҚЫЗЫҚТЫ ЖАЗЫҢ» GUIDEBOOK жаз мезгіліне арналған ұсыныстармен танысты.
9,11 сынып оқушылары «Мен.Мектеп.Ұстаз» тақырыбына эссе жазды, онда олар балалық шақтан ересек жасқа, тәуелсіз өмірге өту, өз болашағы туралы өз ойларын, мектепке деген тілектерін білдірді.
Сынып жетекшілері оқушыларды оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде қол жеткізген жетістіктері үшін мектеп грамоталарымен марапаттады.




