2022 жылдың 13 маусымында «#2 Новоишим орта мектебі» КММ-де "Солнечная поляна" мектеп жанындағы лагерінде «Бантиктер күні» өтті.
"Бантиктер күні" өте қызықты өтті. «Бантик өру» сайысы болды. Балалар сыйлықтарды әдемі безендіруді үйренді. Олар өздерін нағыз дизайнерлер ретінде көрсетті.
Бантиктермен безендірілген костюм киген қыздар подиуммен жүріп өтті. Олар барлығын баурап алды. Мерекеде күлкілі әндер шырқалды, бұл барлық балалардың күлкісін тудырды.
Бұл іс-шарада байқауға қатысушылардың ең кішкентайы және ең үлкені анықталды. Күн көңілді бимен аяқталды.