2022 жылдың 15 сәуірінде "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары 5-11 сынып оқушыларына «Қозы көрпеш – Баян сұлу» Қазақстандағы ғашықтар күніне арналған презентацияны ұсынды.
Ежелден-ақ адам баласы ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеп, қастерлеп келген. Соның әсері болса керек, әр халық осы сезімді құрметтеп, бағалануын тілеп, түрлі күндерді ойлап тапқан.
Аңыз бойынша Баян сұлу және Қозы Көрпеш бір-бірін сүйіп, бірақ бірге бола алмаған халық эпосының басты қаһармандары. Олардың тағдырларының қосылмаған себебі –ата –аналарының қарсылығы. Қазіргі заманғы махаббатқа кедергі жоқ. Бірақ бұл күн Баян сұлу және Қозы Көрпеш аталған себебі, олардың арасындағы махаббат күшті, шынайы, нағыз. Бұл заманғы жастарға үлгі!
«Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырында, екі ғашықтың бір-біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдері суреттеледі. Бұл екі ғашық шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Екеуі бастапқыда бір-бірін көрмей ғашық болады. Ал, көргеннен кейін олардың арасындағы сезім үдей түседі.
Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды.
Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.