Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1518170676

коммунальное государственное учреждение «Новоишимская средняя  школа № 2»
коммунального государственного учреждения «Отдел образования района имени Габита Мусрепова»
коммунального государственного учреждения «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области» 

  • kz
  • ru
  • Меню школы

    .

    «Дауылпаз баба Қожаберген»


    2020 жылдың 04 наурызында №1 Новоишим орта мектебінің базасында «Дауылпаз баба Қожаберген» атты облыстық байқауының аудандық кезеңі өтті.
    Байқаудың мақсаттары: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлтымен қайта қауышқан баһадүр бабамыз-Қожаберген Толыбайұлын өскелең ұрпаққа таныту; талапты, талантты оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру; тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау,өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп,жүрегімен түсіне білуге үйрету;
    Міндеттері: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды, төл тарихымызды дәріптеуге үйрету; ұлтымыздың ұлы тұлғаларын танып-білуге, ізгілікке, тіл шеберлігін қалыптастыруға, бәсекеге қабілетті болуға үйрету;
    Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі: «Дауылпаз баба-Қожаберген» байқауы жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі. (оқыту тілі қазақ, орыс тілі мектептері қатыса алады). Байқау 5 номинацияны қамтиды.
    Олар: 1.«Жырыма барша жұртым құлақ салсын!» жырау шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу/өлең санына шектеу қойылмайды/. 2. «Өлеңнен салып жүрмін ою-өрнек...» оқушылар арасында сұлу сөзді серік еткен жас ақындар байқауы. 3. «Сөз арнадым өзіңе, жырау баба...» шығармашылығы, өмірі, оқырманымен арасындағы рухани байланысын суреттеп эссе жазу.
    4. «Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын...»оқушылар ақынның рухани мұрасының қазіргі заман жастары үшін маңыздылығын өздеріне жаңалық ретінде ашады, зерттеу жүргізеді. 5. «Әлеумет, аз жырымды қабыл ал...» автор өлеңдеріне аударма жасау. /орыс тіліне/.
    Осы «Дауылпаз баба Қожаберген» атты облыстық байқауының аудандық кезеңіне №2 Новоишим орта мектебінің оқушылары белсене қатысып, 8 «А»-сынып оқушысы Еншібай Гүлдана «Сөз арнадым өзіңе, жырау баба...» шығармашылығы, өмірі, оқырманымен арасындағы рухани байланысын суреттеп эссе жазып 3-орынға және 8 «А»-сынып оқушысы Касымова Аружан «Әлеумет, аз жырымды қабыл ал...» автор өлеңдеріне орыс тіліне аударма жасап 1-орынға иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    04 марта 2020 года на базе КГУ «Новоишимской средняя школа №1» прошел районный этап областного конкурса «Дауылпаз баба Қожаберген».
    Задачи конкурса: в рамках программы «Рухани жаңғыру» научить учащихся уважать национальные ценности, оригинальную историю; учить познанию великих личностей нашей нации, гуманизму, формировать языковое мастерствои уметь быть конкурентоспособными;
    Порядок организации и проведения конкурса: конкурс "Дауылпаз баба-Қожаберген" проводится среди учащихся 6-11 классов общеобразовательных школ. (могут участвовать школы с казахским, русским языком обучения). Конкурс включает в себя 5 номинаций.
    Они: 1. .«Жырыма барша жұртым құлақ салсын!» выразительное чтение наизусть произведений жырау (количество стихотворений не ограничено). 2. «Өлеңнен салып жүрмін ою-өрнек...» конкурс молодых поэтов среди школьников. 3. «Сөз арнадым өзіңе, жырау баба...» творчество, жизнь, написание эссе, иллюстрирующие духовную связь между читателем.
    4. «Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын...» учащиеся раскрывают значимость духовного наследия поэта для современной молодежи как новаторства, проводят исследования. 5. «Әлеумет, аз жырымды қабыл ал...» перевод стихотворений автора. / на русский язык/.
    На районном этапе областного конкурса «Дауылпаз баба Қожаберген» учащиеся КГУ «Новоишимская средняя школа №2» приняли активное участие, ученица 8 «А» класса Еншібай Гүлдана в номинации «Сөз арнадым өзіңе, жырау баба...» заняла 3 место, и ученица 8 «А» класса Касымова Аружан в номинации «Әлеумет, аз жырымды қабыл ал..» занял 1 место. ПОЗДРАВЛЯЕМ!

    04.03.2020
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание президента

    Әділет - Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

    Онлайн подача заявления в школу

    коммунальное государственное учреждение «Новоишимская средняя школа № 2» коммунального государственного учреждения «Отдел образования района имени Габита Мусрепова» коммунального государственного учреждения «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»

    Интерактивная карта открытых бюджетов

    Государственные услуги и информация онлайн.

    Президент РК

    Министерство образования РК

    Акимат района имени Габита Мусрепова

    Секрет уважения учителя учеником лежит в уважении ученика учителем.