Образование
13.05.2026
«Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» атты акция
2026 жылдың 13 мамыр күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» атты акция өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жаяу жүргіншілер мен велосипед жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыру.
Акция барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жол белгілеріне назар аудару, жарық шағылыстырғыш элементтерді қолдану және жолда мұқият болудың маңыздылығы түсіндірілді.
