Образование
23.02.2026
Аптаның қорытындысы.
2026 жылдың 23 ақпан күні мектебімізде салтанатты саптық жиын өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалып, оқу мен сыныптан тыс іс-шараларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Осындай игі шаралар жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, білімге деген ынтасын арттыра түсетіні сөзсіз.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
