Образование
20.02.2026
"Таза Қазақстан" жобасы
2026 жылдың 20 ақпан күні
№2 Новоишим орта мектебі КММ-нің сынып жетекшілері сынып оқушыларымен бірге 'Таза Қазақстан" жобасы аясында сынып бөлмелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында парталар мен орындықтар жуылып, терезе жақтаулары мен тақталар сүртіліп, басқа да тазалық шаралары атқарылды.
Мақсаты: білім алушыларға тазалық мәдениетін қалыптастыру, ұқыптылық пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ мектеп ортасын таза әрі жайлы ету.
