Образование
16.02.2026
Мектепішілік бақылау (МІБ) және апталық жоспарға сәйкес 3 және 7-сыныптарда өткізілген сабақтарға қатысу жүргізілді.
2026 жылдың 16 ақпанында “№2Новоишим орта мектебі”КММ мектепішілік бақылау (МІБ) және апталық жоспарға сәйкес 3 және 7-сыныптарда өткізілген сабақтарға қатысу жүргізілді.
3-сыныпта оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған сабаққа бақылау жасалды. Сабақ барысында мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды анықтау, мәтінмен жұмыс жасау, ақпаратты талдау және түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беру дағдыларына ерекше назар аударылды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, мәтінмен жұмыс істеу барысында өз білімдерін тиімді қолдана білді. Мұғалім қолданған әдіс-тәсілдер оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, функционалдық сауаттылықтарын дамытуға ықпал етті.
7-сыныпта информатика пәні бойынша сабаққа қатысу жүзеге асырылды. Сабақ барысында оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, оқу материалының меңгерілу деңгейі, цифрлық дағдылардың қалыптасуы және практикалық бағыттылығы бағаланды. Оқушылар бағдарламалық құралдармен жұмыс жасап, практикалық тапсырмаларды орындау арқылы компьютерлік сауаттылықтарын көрсетті. Мұғалім заманауи білім беру технологияларын тиімді қолданып, саралап оқыту тәсілін жүзеге асырды.
Қатысқан сабақтар қорытындысы бойынша педагогтердің білім сапасын арттыру, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту бағытындағы жүйелі жұмысы атап өтілді.
