Образование
13.02.2026
Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 37 жыл толуына орай еске алу іс-шарасы өтті.
«№2 Новоишим орта мектебі »КММ -де Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 37 жыл толуына орай еске алу іс-шарасы өтті.
Іс-шара аясында «АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау» пәні бойынша жарыс ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары белсенді қатысып, тапсырманы орындау барысында өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, жауапкершілігін және дайындық деңгейін көрсетті.
Шараның негізгі мақсаты — қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ Ауған соғысы ардагерлеріне және әскери борышын өтеген жауынгерлерге тағзым ету.
Батырлардың ерлігі — ұрпақ жадында мәңгі сақталуы тиіс қастерлі тарих.
