Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.jpg?_=1646973458

 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   
 
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Жаңалықтар

    Пікірсайыс

    Қазіргі таңда мектепішілік дебат технологиясын дамыту–өзекті мәселе. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта 2024 жылдың 16 қазан күні №2 Новоишим орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калиева Ж.К. ұйымдастыруымен Республика күніне орай мектепішілік «Ұлттық рух-Тәуелсіздікке бастаған күш» тақырыбы аясында «Новоишим ауылдық кітапханасында» дебат өткізілді. Дебатта «Новоишим ауылдық кітапханасының» кітапханашысы Ажибаева Ж.Г, №2 Новоишим орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметжанова А.Р, «Айгөлек» бөбекжайының тәрбиешісі (тайм-кипер) Еслям Ә.Е. төрешілік етті. Жеребе арқылы «Үкімет» фракциясы (10 «А» сынып оқушылары Еркенов Расул, Коспан Санжар) және «Оппозиция» фракциясы (9 «А» сынып оқушылары Жанзакова Жанар, Үсен Каусәр) белгілі болды. Дебат 3 раундтан тұрды.

    Бірінші раундта берілген қарар бойынша Премьер-министр мен Оппозиция көшбасшылары ой-пікірлерін ртаға салды. Екінші раундта Премьер-министр орынбасары мен Оппозиция көшбасшысының орынбасарылары бір-біріне сұрақтар қойып, жаңа дәлелдер келтірмей, кейстерін нығайта түсті. Үшінші раундта Премьер-министр мен Оппозиция көшбасшылары қорытындылай келе, өздерінің субьективті пікірін білдірді.

    Дебат соңында «Ең тапқыр ойыншы» Еркенов Расул, «Дебаттың креактив» Коспан Санжар, «Ең білімді ойыншы» Жанзакова Жанар, «Ең сенімді ойыншы» Үсен Каусәрлар спикер ретінде анықталды. Жеңген «Үкімет» фракциясына ақшалай сыйлық табысталды.

     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    17.10.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент жолдауы

    Әділет-Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

    Мектепке онлайн өтініш беру

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

    Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

    Мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн.

    ҚР Президенті

    ҚР Білім министрлігі

    Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі

    Мұғалімнің оқушыны құрметтеуінің сыры мұғалімнің оқушыны құрметтеуінде жатыр.