Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.jpg?_=1646973458

 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   
 
  • kz
  • ru
  • Жаңалықтар

    Көрме

    2022 жылдың 7 қыркүйегінде «№2 Новоишим орта мектебі» КММ акт залында кітапханашылар Қазақстан халқы тілдер күніне орай, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған көрмені 1-11 сынып оқушыларына ұсынды.

    Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды.1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.

    07.09.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент жолдауы

    Әділет-Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

    Мектепке онлайн өтініш беру

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

    Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

    Күнделік

    Мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн.

    ҚР Президенті

    ҚР Білім министрлігі

    Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі

    Мұғалімнің оқушыны құрметтеуінің сыры мұғалімнің оқушыны құрметтеуінде жатыр.