Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.jpg?_=1646973458

 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   
 
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Жаңалықтар

    Book-Slam

    2022 жылдың 27 сәуірінде "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары "балалар жылы"аясында 8 сынып оқушылары арасында Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына арналған Book-Slam өткізді.
    Мақсаты:
    - Ғ. Мүсірепов шығармалары арқылы ана бейнесін ашу;
    - шығармашылық жұмысқа баулу, әңгімелеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін арттыру.
    Қатысушылар 2 командаға бөлініп, олардың әрқайсысы белгілі бір уақыт ішінде таңдалған шығарманы жақсы жарнамалады.
    Ғ.М.Мүсірепов - қазақ халқының әйгілі жазушысы, белгілі қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері, 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.Ауыл молдасынан оқып хат таныған Ғабит 1917 жылы Қостанай оязының Обаған болысындағы екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Ғ. Мүсіреповтің тұңғыш ұстазы қазақтың белгілі педагог ақыны Бекет Өтетілеуов болған. Кейін төрт жылдық жоғарғы бастауыш орыс мектебін бітіріп, 1926 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетіне түседі. Білімге деген ынта оны Омскідегі ауылшаруашылық институтына әкеледі.Қазақ халқының жазушысы Ғ. Мүсіреповтің қаламынан - "Тулаған толқындар", "Қос шалқар", "Шұғыла", "Афтобиографиялық әңгіме", "Қазақ солдаты", "Оянған өлке", "Кездеспей кеткен бір бейне" шығармалары туындаған. Ғ. Мүсіреповтың шығармашылығында әр жылдары жазылған ана туралы еңбектері мен аудармалары "Ананың анасы", "Ашынған ана", "Ананың арашасы", "Ер ана", "Ақлима", "Адамның анасы", "Өлімді жеңген ана", "Ұлпан" ерекше орын алған.
    28.04.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент жолдауы

    Әділет-Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

    Мектепке онлайн өтініш беру

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

    Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

    Мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн.

    ҚР Президенті

    ҚР Білім министрлігі

    Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі

    Мұғалімнің оқушыны құрметтеуінің сыры мұғалімнің оқушыны құрметтеуінде жатыр.