Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.jpg?_=1646973458

 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   
 
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Жаңалықтар

    «Ұлы ұстаз-Ахмет Байтұрсынұлы»

    2022 жылы 21-сәуірде №2 Новоишим орта мектебінің 8 «А» сынып оқушыларымен «Ұлы ұстаз-Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

    «Ұлы ұстаз-Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында тәрбие сағатын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Калиева Жанар Кенжебайқызы бастап берді. Жанар Кенжебайқызы: «Биыл, яғни 2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді. Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937)-қазақ ақыны, мемлекет қайраткері, әдебиет зерттеуші ғалым, ұстаз, аудармашы, ағартушы, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі, шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады»,-деп айтылды.

    Одан кейін Шоқан Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінің 3-курс студенті, Касенова Индира Амангелдіқызы: «Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен өмір жолына» тоқталып кетті.

    Оның айтуы бойынша: «Ақымет Байтұрсынұлы 5-қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл ауылында туған. Ахмет Байтұрсынұлы-қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері және бейнебаян бойынша «Ұстаздық жолына саяхат» жасады.

    Оқушылар өз таңдаулары бойынша Ахмет Байтұрсынұлының өз өлеңдерің мәнерлеп оқыды.

    Мектеп кітапханашысы: Шериязданова Алмагүл Амангелдіқызы тәрбие сағатын қорытындылады. Керемет, тың деректерді мысалға келтіреді. Алмагүл Амангелдіқызы: «Қазақстанда «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізілуде. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған, қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

    Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері кітапхана оқырмандары арасында кеңінен насихатталады.

    Ақын мұрасы әлемдік мәдениеттің бір бөлігіне жатады және ол бүкіл адамзатқа қол жетімді болуға міндетті»,-деп аяқтады.

    22.04.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент жолдауы

    Әділет-Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

    Мектепке онлайн өтініш беру

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

    Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

    Мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн.

    ҚР Президенті

    ҚР Білім министрлігі

    Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі

    Мұғалімнің оқушыны құрметтеуінің сыры мұғалімнің оқушыны құрметтеуінде жатыр.