Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.jpg?_=1646973458

 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   
 
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Жаңалықтар

    "ең көп оқитын сынып"

    2022 жылдың 10 ақпанында "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары "Оқитын мектеп" жобасы аясында 4 сынып оқушылары арасында "ең көп оқитын сынып"сайысын өткізді.

    Мақсаты:

    - Оқуға деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамыту;

    - Шығармашылық қабілеттерін дамыту;

    - Ең көп оқитын сыныпты анықтау.

    Әр адам ерте жастан бастап ақылды, ізденімпаз, тез ойлы, жан-жақты дамыған болуға ұмтылады. Біз бәріміз қызықты әңгімелесуші болғымыз келеді және көп нәрсені білгіміз келеді. Біздің ең алғашқы шығармаларымыз-ертегілер. Ерте балалық шақта біз ертегілерімен танысамыз. Мектепке келгенде біз әдеби ертегілер мен халық ауыз әдебиетін зерттейміз. Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі,

    Хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан - жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі.

    Қиял – ғажайып ертегілер - табиғат сырларын білсек деп халық қиялы мен

    арман - тілегінен туындаған ертегі түрі

    Тұрмыс - салт ертегілерінің оқиғасы ертегінің басты кейіпкері қарапайым адамның өмірін, ісін, тұрмыс - тіршілігін, таптық, қоғамдық жайларын, әлеуметтік көзқарасын суреттеуге қүрылады.

    Байқау қорытындысы бойынша қазақ тілінде оқитын 4 сынып оқушылары арасында 1 орынды "Алғырлар" командасы және 2 орынды "Тапқырлар" командасы иеленді.

    Сонымен қатар орыс тілінде оқитын 4 сынып оқушылары арасында 1 орынды «Сказки» және 2 орынды «Читатели» командасы алды. Құттықтаймыз!

    10.02.2022
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент жолдауы

    Әділет-Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

    Мектепке онлайн өтініш беру

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

    Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

    Мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн.

    ҚР Президенті

    ҚР Білім министрлігі

    Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі

    Мұғалімнің оқушыны құрметтеуінің сыры мұғалімнің оқушыны құрметтеуінде жатыр.