Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.jpg?_=1646973458

 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   
 
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Жаңалықтар

    «Тәуелсіз- елімнің ерлік жолы»

    2021 жылдың 14 желтоқсанында «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханашылары 1-11 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз- елімнің ерлік жолы» атты тақырыпта көрмені ұсынды.

    Мақсаты:
    - Оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.
    - Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру.
    Қазақстан дейтін менің бар елім,
    Жатыр алып жарты дүние әлемін!
    Бұл даланы анам жаспен суарған,
    Бұл далада атам қолға ту алған.
    Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
    Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

    1991 жылдың 16 желтоқсаны - еліміз үшін ерекше күн. Өйткені бұл күні қазақ халқы өз алдына дербес мемлекет болуын әлемге жария етті...

    Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды

    Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

    Тарихтың ойлы-қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында қалған, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана-сезімге қозғау салған тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

    14.12.2021
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент жолдауы

    Әділет-Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

    Мектепке онлайн өтініш беру

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

    Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

    Мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн.

    ҚР Президенті

    ҚР Білім министрлігі

    Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі

    Мұғалімнің оқушыны құрметтеуінің сыры мұғалімнің оқушыны құрметтеуінде жатыр.