Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.jpg?_=1646973458

 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   
 
  • kz
  • ru
  • Жаңалықтар

    "Тарихи орындар мен оқиғалар"

    2021 жылдың 24 қарашасында "№ 2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары 1-11 сынып оқушыларына арналған "Тарихи орындар мен оқиғалар" атты тақырыпта Ботай мәдениеті жайлы ақпаратты ұсынды.
    Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы - жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында.
    Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы.
    Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.
    Жуырда елорда төрінде орналасқан Ұлттық музейде Мәдениет және спорт министрлігі «Бозоқ» мемлекеттік тарихимәдени музейқорығы мекемесінің ұйымдастыруымен белгілі археолог, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология және дала өркениеттері» ғылыми-зерттеу инсти­утының директоры, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберттің үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған «Ботай» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
    Қонысқа алғаш рет 1980 жылы қазба жұмысы жүргізілді.
    – Осы уақытқа дейін барлығы 15 мың шаршы метр аумақтың мәдени қабаты аршылды, – дейді «Ботай» кітабының авторы, атақты археолог Виктор Федоривич. Сондай-ақ соңғы жылдары қонысқа қарқынды қазба жұмыстары жүргізілуде екен. Атап айтқанда, 2017 жылы 570 шаршы метр, 2018 жылы 224 шаршы метр аумақ топырақтан тазартылып, сегізбұрышты жаздық баспана және адам қаңқасы, сонымен қатар тастан, сүйектен жасалған 1000-ға жуық артефакт табылса, 2019 жылы 312 шаршы метр аумаққа археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, алты және жетібұрышты құрылыс қаңқасы анықталыпты. Бұлардың шұңқырлық тереңдігі қазіргі жер қыртысынан 90-110 метр, бөлмелердің аумағы 50-60 шаршы метр екені анықталған.
    Сонымен қатар осы жылдары сыйымдылығы 0,2-0,3 және 20-39 литр болатын қыш ыдыстар және 200 мыңнан астам әртүрлі артефакті табылса, осылардың 80 пайызы – тас құралдар. Жылқының астыңғы жақ сүйегінен жасалған қол орақтар мен шағын шалғылар, ағаш өңдейтін үскілер, киім тігетін тебен инелер, тері сылатын қырғыштар және 44 дана ою бәдізделген бұйымдар табылған екен.
    24.11.2021
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент жолдауы

    Әділет-Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

    Мектепке онлайн өтініш беру

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

    Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

    Күнделік

    Мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн.

    ҚР Президенті

    ҚР Білім министрлігі

    Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі

    Мұғалімнің оқушыны құрметтеуінің сыры мұғалімнің оқушыны құрметтеуінде жатыр.