Образование
04.12.2025
"Дебат–сөз додасы"
2025 жылдың 4 желтоқсан күні "Дебат–сөз додасы" үйірмесінің жетекшісі Калиева Ж.К.
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Ұшқыр ой алаңы" жобасы және "Атаулы күндер– 2025" аясында көрнекті қайраткер Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған дебат турнирін өткізді.
Турнир тақырыбы:
"XX ғасыр басындағы Алаш идеясы XXI ғасырдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші бола алады".
Іс-шара "№2 Новоишим орта мектебі" КММ-нің жас мамандары мен оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Турнир барысында қатысушылар Алаш қайраткерлерінің тағылымға толы мұрасын терең талдап, қазіргі қоғам дамуына әсер ететін идеялар мен қоғамдық құндылықтар туралы ой қозғады.
Жас пікірсайысшылар ХХІ ғасыр жастары үшін Алаш идеясының өзектілігін, оның ел болашағына тигізер ықпалын жан-жақты талқылап, өз ойларын еркін жеткізе білді. Іс-шара шығармашылыққа, сыни тұрғыдан ойлауға және азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.
Турнир соңында белсенді қатысушыларға алғыс білдіріліп, дебат мәдениетін дамытуға қосқан үлестері атап өтілді.
