Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.jpg?_=1646973458

 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   
 
  • kz
  • ru
  • Все новости

    бос лауазымға орналасуға конкурс

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ

    «№2 Новоишим орта мектебі" КММ ағылшын тілі мұғалімі (20 сағат) бос лауазымына конкурс жариялайды.

    1.Ұйым атауы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ

    "«№2 Новоишим орта мектебі" КММ

    2. Мекенжайы, пошта индексі: 150401, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим селосы, Заслонова көшесі 10а

    3. Байланыс телефондарының нөмірі: 8 (715)35 20009 (қабылдау бөлмесі),

    8 (715) 35 23819 (директор)

    4. Электрондық пошта: nssh283@mail.ru

    5. Бос лауазымның атауы: ағылшын тілі мұғалімі

    6.Лауазымдық міндеттері:

    мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

    білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

    білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

    пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

    бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

    журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

    оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

    оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

    білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

    оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

    білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

    инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

    ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

    арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

    интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

    әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

    ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

    ата-аналарға кеңес береді;

    кәсіби құзыреттілікті арттырады;

    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

    білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

    ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

    тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

    білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық ,орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе жұмыс еңбек өтіліне талап қоймастан, және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

    7. Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: - еңбек өтілі мен біліктілік санатына, штаттық кестеге сәйкес төленеді.

    8. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: ҚР БҒМ 13.07.2019 ж. № 338 бұйрығы, 7-Параграф 64-тармақ https://adilet.zan.kz/rus/docs/V090005750

    9. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 16.01-20.01.2023ж

    10. Қажетті құжаттар тізімі:

    1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

    № 21579 болып тіркелген).

    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    😎. наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

    10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

    17.01.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Президент жолдауы

    Әділет-Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

    Мектепке онлайн өтініш беру

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 2 Новоишим орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

    Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

    Күнделік

    Мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн.

    ҚР Президенті

    ҚР Білім министрлігі

    Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімдігі

    Мұғалімнің оқушыны құрметтеуінің сыры мұғалімнің оқушыны құрметтеуінде жатыр.