Образование
22.05.2026
«Теміржол жолдарындағы қауіпсіздік»
2026 жылғы 22 мамыр күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 1 және 10-сынып оқушыларына «Теміржол жолдарындағы қауіпсіздік» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті агенттік пунктінің бастығы Назаров Нурбол Түзелбекұлы және еңбек қауіпсіздігі инженері Ташенова Гүлдана Баймағанбетқызы өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға теміржол жолдарының маңындағы қауіпсіздік ережелері, теміржол өткелдерінен өту кезіндегі сақтық шаралары, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың салдары түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және теміржол көлігі нысандарында жазатайым оқиғалардың алдын алу.
