Образование
15.05.2026
Отбасы күні
2026 жылдың 15 мамыр күні Отбасы күніне орай «N2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Жүректер бірлігі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мерекелік кештің шымылдығын аудандық білім бөлімінің басшысы Қарабаева Э.М. ашып, мектеппен серіктестік орнатып, үнемі қолдау көрсетіп жүрген азаматтарға алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар, мектеп директоры Абуова М.К. білім ордасының жетістіктеріне тоқталып, мектеп өміріне белсене араласып жүрген ата-аналарға алғыс хаттар табыстады.
Концерт барысында әсем әндер шырқалып, мың бұралған бишілер өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Жүректер бірлігі» мерекелік кеші отбасы құндылықтарын дәріптеп, бірлік пен сыйластықтың маңызын айқындай түсті.
