Образование
30.04.2026
Creative IT Center ZIYATKER MYRA
2026 жылдың 30 сәуір күні
«Адал азамат» бағдарламасы аясында 9 «А» және 11 «А» сынып оқушылары үшін Creative IT Center ZIYATKER MYRA орталығына экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында орталық жетекшісі Ахметова Айгерим Бремжановна мекеменің қызметі мен жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырды.
Оқушылар заманауи құрал-жабдықтармен танысып, түрлі бағдарламалардың жұмыс істеу ерекшеліктерін көріп, практикалық көрсетілімдерге қатысты.
Аталған іс-шара оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар берді.
