Образование
24.04.2026
Creative IT Center ZIYATKER MYRA
2026 жылдың 23 сәуір күні «Адал азамат» бағдарламасы аясында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 6-сынып оқушыларына арналып Creative IT Center ZIYATKER MYRA орталығына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларды ерте жастан IT әлемімен таныстырып, заманауи технологияларға деген қызығушылықтарын ояту және болашақ мамандықтар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Экскурсия барысында орталық жетекшісі Ахметова Айгерим Бремжановна мекеменің тыныс-тіршілігін таныстырып, IT саласының қызықты тұстары туралы айтып берді. Алтыншы сынып оқушылары заманауи құрал-жабдықтардымен бағдарламалау негіздерін көріп, арнайы практикалық көрсетілімдерге үлкен қызығушылықпен қатысты.
Мұндай шаралар мектеп оқушыларының танымдық көкжиегін кеңейтіп, жаңа технологияларды меңгеруге деген ынтасын арттырады.
