Образование
20.04.2026
Апта бойынша оқу және тәрбие жұмыстарының қорытындысы
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ.
Мектебімізде өткен апта бойынша оқу және тәрбие жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Дәстүрге сай үздік оқушыларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында оқу үлгерімі жоғары, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан, түрлі байқаулар мен жарыстарда жетістікке жеткен оқушылар марапатталды. Үздіктерге мақтау қағаздары табысталып, олардың еңбегі ерекше атап өтілді.
