Образование
19.02.2026
«Domino» атты көңілді үзіліс
Ағылшын тілі апталығы аясында алтыншы сынып оқушылары арасында «Domino» атты көңілді үзіліс ұйымдастырылды.
Ойын барысында оқушылар суреттерге сәйкес келетін ағылшын сөздерін тауып, оларды домино сияқты кезекпен дұрыс тізбекке орналастырды. Оқушылар ойынға белсенді қатысып, қызығушылық танытып, өздерінің зейінділігі мен ағылшын тіліндегі сөздік қорын көрсетті.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың ағылшын тіліндегі лексикалық дағдыларын ойын арқылы дамыту және бекіту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ топта жұмыс істеу және танымдық белсенділіктерін дамыту.
