Образование
09.02.2026
Аптаның қорытындысы
09 ақпан 2026 жылы
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 2–11 сынып оқушыларына арналған жиын өтті.
Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды. Салтанатты шара барысында мектеп директоры Абуова М.К. сөз сөйлеп, оқушыларды жетістіктерімен құттықтады.
Мектепішілік, аудандық және облыстық байқауларда жүлделі орын алған оқушыларға дипломдар мен сертификаттар табысталды. Бұл жетістіктер– оқушылардың білімге деген құштарлығы мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Жас жеткіншектерге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдіреміз!
