Образование
09.02.2026
«Спорттық жұлдызшалар»
2026 жылдың 6 ақпан күні
2015 жылы туған және одан кіші ұлдар арасында футзалдан «Спорттық жұлдызшалар» атты аудандық жарыс өтті.
Біздің команда тамаша ойын өрнегін көрсетіп, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігер танытып, турнир қорытындысы бойынша құрметті 2-орынды иеленді.
Жас спортшыларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстарға, жаңа жеңістерге және спорттық шеберліктің арта беруіне тілектеспіз!
