Образование
15.01.2026
«Мақал-мәтелдерді тап» ойыны
2026 жылдың 15 қаңтар күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында оқушылар үшін көңілді үзіліс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында «Мақал-мәтелдерді тап» ойыны ойнатылып, оқушыларға суретке қарап мақал-мәтелдерді айту тапсырмасы берілді.
Аталған шараның мақсаты – оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, халық даналығын дәріптеу, сондай-ақ ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамыту.
Көңілді үзілісті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смаилова Н.Ж. өткізді.
Оқушылар белсенділік танытып, ойынға қызығушылықпен қатысты.
