Образование
15.01.2026
«Адалдық пен әділдік»
«Адал азамат» бағдарламасы, «Заң және тәртіп» айлығы аясында мектеп парламенті «Адалдық пен әділдік» тақырыбында, әр адамға жақын әрі түсінікті өмірлік жағдаят арқылы бейнеролик түсірді.
Бейнероликте оқушылар күнделікті өмірде адал таңдау жасаудың,айналасындағыларға әділ болудың және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын көрсетті. Мұндай мысалдар оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырып, адамгершілік құндылықтарға деген құрметті арттырады.
