Образование
04.12.2025
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де мектеп парламентінің ұйымдастыруымен еріктілер тобына арналған зияткерлік ойын өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастыру, тілдік құзыреттілігін арттыру, логикалық ойлау мен топтық жұмыста өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту, сондай-ақ адамгершілік құндылықтарды насихаттау болды.
Зияткерлік ойын барысында еріктілер қызықты тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасып, жаңа тәжірибе жинақтады. Шара қатысушылардың сыни ойлау қабілетін арттырып қана қоймай, өз ойын дәлелдеп жеткізе білу, шешендік өнер және көшбасшылық дағдыларын дамытуға зор мүмкіндік сыйлады.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, олардың жан-жақты дамуына ықпал ететіні сөзсіз.
