Образование
28.11.2025
“Жасырма. Жаза” тақырыбында бейнематериал
2025 жылдың 28 қараша күні
“№2 Новоишим орта мектебі” КММ-де 7–11 сынып оқушыларына “Жасырма. Жаза” тақырыбында бейнематериал көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларды “Жасырма” түсінігімен, оның қауіптілігімен және заң алдында қарастырылған жауапкершілік шараларымен таныстыру болды. Видео барысында интернеттегі және көшедегі “Жасырма” тәсілдері, есірткі таратудың жасырын жолдары, сондай-ақ мұндай әрекеттердің ауыр құқықтық салдары түсіндірілді.
Оқушылар бейнематериалды мұқият көріп, тақырып бойынша пікір алмасып, қауіптен сақтану жолдарын талқылады. Іс-шара жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықты арттыруға және зиянды әрекеттерден аулақ болуға бағытталды.
