
Образование
05.05.2023
«Жеңіс күні»
2023 жылдың 5 мамырында "№ 2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9 сынып оқущыларына арналған «Жеңіс күні» атты
патриоттық сағат өткізді.
Жеңіс күні – адамзат аңсап жеткен күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр – азат күресінің айбынды күні. Ұлы Жеңіс күні, бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме?!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құрамы.
Күрескердің амалы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекесі бұл оның.
Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
