Балалар жылын мерекелеу аясында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ «Аяжан» шағын орталығының тәрбиеленушілеріне 2022 жылдың 18 мамырында кітапханашылар «Сиқырлы рюкзак» атты кітаптар әлеміне саяхат жасады.
«Сиқырлы рюкзак» - бұл балаларға арналған кітаптар, альбом және түрлі-түсті қарындаштар орналастырылған жарқын безендірілген сөмке.
Іс-шараның басында балаларға сиқырлы рюкзакта не бар екендігі көрсетілді және айтылды, сондай-ақ олар үшін иллюстрацияланған суреттері бар жарқын түсті кітаптар көрсетілді. Балалар үшін ертегі оқылды, онда олар кітапханашыны мұқият және қызығушылықпен тыңдады, содан кейін түсінгендері туралы қысқаша айтып берді. Іс-шара соңында балалар біздің сиқырлы рюкзактарымызды түрлі-түсті қарындаштармен бояды.
Жақсы кітапқа деген сүйіспеншілікті, оқу әдетін бала кезінен тәрбиелеу керек. Бұл ата – аналардың, тәрбиешілер мен кітапханашылардың бірлескен міндеті.
«Сиқырлы рюкзак» идеясы балалардың оқуын насихаттау және бірлескен дауыстап оқудан рахат алу.