
Образование
27.09.2021
"Оқу мектебі" жобасы / проект «Читающая школа»
2021 жылдың 27 қыркүйегінде «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханашылары "Оқитын мектеп" жобасы аясында 20 минуттық оқу жалғасуда.
Мақсаты:
- оқу мәртебесін, оқу белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалар мен жасөспірімдердің мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту.
Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Білімнің қайнар бұлағы- кітап деп бекер айтпаған.Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес шығар.Қазіргі уақытта бүлдіршіндерге, студенттерге, жасөспірімдерге кітап оқуға толық мүмкіншілігі бар.
"Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді сіз де жақсы білесіз. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық.
27 сентября 2021 года в КГУ «Новоишимская средняя школа № 2» в рамках проекта «Читающая школа» продолжается 20 минутное чтение.
Цель:
- повышение статуса чтения, читательской активности и улучшение качества чтения, развитие культурной и читательской компетентности детей и юношества.