Образование
22.12.2025
Тамақтану сапасы мен мониторингі
2025 жылғы 22 желтоқсан күні тамақтану сапасы мен мониторингі жөніндегі комиссия «№2 Новоишим орта мектебі» КММ асханасына жоспарлы тексеріс жүргізді. Тексеру барысында күнделікті мәзірдің бекітілген перспективалық мәзірге толық сәйкес келетіні, сондай-ақ буфет өнімдеріне арналған бөлек мәзірдің бар екені анықталды. Асхананың санитарлық жағдайы белгіленген талаптарға сай, тағам дайындау және тарату процесі санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылған. Асхана қызметкерлері арнайы жұмыс киімінде, барлығы жарамды медициналық кітапшаларымен қамтамасыз етілген. Жалпы алғанда, асхана жұмысы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланды.
