Образование
05.09.2025
1-4 сынып оқушыларымен көшелер мен жолдарда қауіпсіздік ережелері туралы әңгіме
5 қыркүйек 2025 жылы «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 1-4 сынып оқушыларымен көшелер мен жолдарда қауіпсіздік ережелері туралы әңгіме өткізілді. Балалар бағдаршамның әр түрлі түстері мен олардың мағыналары туралы көп мәлімет алды. Жасыл, сары, қызыл түстердің жол қозғалысында қандай рөл атқаратынын түсінді. Оқушыларға көшедегі жүріс-тұрыстың маңызды кеңестері айтылып, және өзара пікірлерін алмасып, жолда сақтықпен жүру қажеттілігін түсінді.
