Образование
05.11.2025
«Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының форумы»
Атырау қаласында Республикалық «Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының форумы» өтті. Форумға еліміздің 17 облысынан 100-ге жуық үздік оқушы қатысып, тәжірибе алмасты.
Бұл шараның мақсаты: мектеп оқушылары арасында көшбасшылық қабілетті арттыру, өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын дамыту және жас көшбасшыларды қолдау болды.
Біздің мектептен форумға Қыдыргелді Нұрмұхамет қатысып, белсенділік танытты.
Ол басқа өңірлерден келген құрдастарымен пікір алмасып, жаңа идеялар мен жобалармен танысып қайтты.
