«Оқуға құштар мектеп» жобасы, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі аясында 2024 жылдың 7 наурызында «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ "Әлия Молдағұлова" атты кинолента, "Мәншүк Мәметова" шағын кинофильм, "Хиуаз Досанова" атты презентацияны, 8 сынып оқушыларымен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.К.Калиева және мектеп кітапханашылары А.А. Шериязданова, А.М. Базарбаева мен бірлесіп буктрейлерді ұсынды.
Буктрейлердің басты міндеті — болашақ оқырманды қызықтыру және кітапқа деген қызығушылығын ояту, сюжеттік желілер мен көркем шығарманың кейіпкерлеріне назар аудару. Буктрейлер жасау кезінде бейнелер, суреттер, фотосуреттер, кітап мұқабалары пайдаланылады.