"№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары А.А.Шериязданова, А.М.Базарбаева алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым!»
- атты тақырыпта кітапхананың оқырмандары үшін акция өткізді.
Балалар мен мұғалімдерге өздеріне лайық деп санайтын адамдарға алғыс сөздерін жазу ұсынылды. Акция қатысушыларына алғыс ретінде мектеп кітапханасынан тәтті сыйлықтар табысталды.
Көктемнің бірінші күнінде бүкіл Қазақстан ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірін атап өтеді. Бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін өте қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Бұл күні бүкіл Қазақстан тұрғындары бір-біріне төзімділік, мейірімділік пен жомарттық үшін алғыс айта алады.