«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ
«№2 Новоишим орта мектебі" КММ аға тәлімгері бос лауазымына конкурс жариялайды.
1.Ұйым атауы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ
"«№2 Новоишим орта мектебі" КММ
2. Мекенжайы, пошта индексі: 150401, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим селосы, Заслонова көшесі 10а
3. Байланыс телефондарының нөмірі: 8 (715)35 20009 (қабылдау бөлмесі),
8 (715) 35 23819 (директор)
4. Электрондық пошта: nssh283@mail.ru
5. Бос лауазымның атауы: аға тәлімгері
6. Негізгі функционалдық міндеттері: - балалар қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің қызметін дамытуға ықпал етеді; -балалар мен жасөспірімдерге азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға, олардың дамуы үшін бос уақытын қызықты және пайдалы өткізуге мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды; -білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді; - өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды ауыстыратын тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейді; 7. Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: - еңбек өтілі мен біліктілік санатына ,штаттық кестеге сәйкес төленеді;
8. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: ҚР БҒМ 13.07.2019 ж. № 338 бұйрығы, 14-Параграф 92-тармақ https://adilet.zan.kz/rus/docs/V090005750
9. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 10.01-13.01.2023ж
10. Қажетті құжаттар тізімі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.