Балалар жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында аудандық балалар кітапханасында 2022 жылғы 14 ақпанда «№2 Новоишим орта мектебі» КММ 8 «А» сынып оқушыларына «Бұл біздің жеріміз, бұл біздің өмірбаянымыз» атты ұрпақтар диалогы өткізілді. Кітапханашы, «Жасұлан» өлкетану клубының жетекшісі Джумабекова С.Ф. биыл ауданымыздың Ғабит Мүсірепов атындағы ауданына ауыстырғалы 20 жыл толуы жайлы тоқталып өтті. Іс шараға ауданымыздың «НұрОтан» партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Сапанов Берик Айсаевич және мәдениет үйінің әдіскері, әнші Сабақұлы Шари қатысты. Шарада Сапанов Берик Айсаевич оқушыларға ауданымыздың тарихы жайлы айтып берді. Сабақұлы Шари «Туған жер» әндерін шырқады. Сонымен қатар оқушылар туған жер туралы білімдерін «Ал сен өз ауылыңды білесің бе?» викторинасында сынады және де қатысушыларға «Туған жер-тұнған шежіре» көрме панорамасы ұсынылды. Шара өте танымды, қызықты болды.